Термобекіткіш аумағындағы кептелген қағаздарды тазалау
Термобекіткіш аумағындағы барлық ықтимал қағаз кептелуінің орындарын тексеру үшін төмендегі
процедураны пайдаланыңыз. Кептеліс орын алғанда басқару тақтасында кептелісті жоюға
көмектесетін анимация көрсетіледі.
Бұл процедураны мына жағдайларда ғана пайдаланыңыз:
●
Қағаз термобекіткіштің ішінде кептеліп қалды және оны үстіңгі қақпақ жағынан немесе артқы
шығыс жағынан шығару мүмкін емес.
●
Қағаздан термобекіткішті тазалау әрекеті кезінде бір парақ қағаз жыртылады.
KKWW
Кептелген қағаздарды шығару 107
1.
Өнімді өшіріңіз.
2.
Электр шнурын ажыратыңыз.
3.
Егер қосымша дуплекстегіш салынса, оны көтеріп, тіке
шығарып алыңыз. Оны жанына қойыңыз.
108 6-тарау Проблемаларды шешу
KKWW
4.
Артқы шығыс қалтасын ашыңыз.
5.
Артқы шығыс қалтасын алыңыз. Саусағыңызды сол
жақтағы ілмектің жанына қойып, ілмек өнімнің ішіндегі
тесіктен шыққанша оңға қарай қатты басыңыз. Шығыс
қалтасын сыртқа бұрап шығарып алыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Термобекіткіш өте ыстық. Күйіп
қалмау үшін жалғастырмас бұрын термобекіткішті
салқындатып алыңыз.
6.
Термобекіткіштің екі көк құлақшасын басып, оны
босатыңыз, одан кейін термобекіткішті ақырын көтеріп,
өнімнен оны тартып шығарыңыз.
KKWW
Кептелген қағаздарды шығару 109
7.
Кептелген қағазды шығарыңыз. Қажет болса, кептелген
параққа өту үшін термобекіткіштің үстіндегі қара
пластикалық бағыттауышты көтеріңіз.
ЕСКЕРТУ:
Термобекіткіш аумағын қағаздан тазалау үшін
үшкір не металл зат пайдаланбаңыз. Ол термобекіткішті
зақымдауы мүмкін.
8.
Термобекіткішті өнімге салып, орнына түскенше басыңыз.
9.
Артқы шығыс қалтасын орнына салыңыз. Оң жақ ілмекті
өнімнің ішіндегі тесікке салыңыз. Сол жақ ілмекті ішке
қарай басып, өнімнің ішіндегі тесікке қарай сырғытыңыз.
Артқы шығыс қалтасын жабыңыз.
110 6-тарау Проблемаларды шешу
KKWW
10.
Қуат сымын өнімге жалғаңыз.
11.
Алынған болса, қосымша дуплекстегішті орнына
салыңыз.
12.
Өнімді қосыңыз.
KKWW
Кептелген қағаздарды шығару 111