HP LaserJet Enterprise M605 series - Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)

background image

Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)

1.

Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.

2.

Өнімді таңдап, Properties (Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз.

3.

Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісін таңдаңыз.

4.

Paper Type (Қағаз түрі) ашылмалы тізіміндегі More... (Қосымша...) опциясын басыңыз.

5.

Type is: (Түрі:) тармағына арналған опцияларды кеңейтіңіз.

6.

Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.

7.

Пайдаланыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.

8.

Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін түртіңіз.

Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін

түртіңіз.