HP LaserJet Enterprise M605 series - Сақталған тапсырманы жасау (OS X)

background image

Сақталған тапсырманы жасау (OS X)

Тапсырмаларды кез келген уақытта басып шығара алатындай етіп өнімге сақтауға болады.

1.

File (Файл) мәзірін басыңыз,содан кейін Print (Басып шығару) опциясын басыңыз.

2.

Printer (Принтер) мәзірінен өнімді таңдаңыз.

3.

Әдепкіде принтер драйвері Copies & Pages (Көшірмелер мен беттер) мәзірін көрсетеді. Мәзірлер

ашылмалы тізімін ашып,Job Storage (Тапсырманы сақтау) мәзірін нұқыңыз.

4.

Mode (Режим) ашылмалы тізімінен сақталған тапсырманың түрін таңдаңыз.

Proof and Hold (Растау және ұстау): тапсырманың бір көшірмесін басып шығарып,тексеріңіз

де,қосымша көшірмелерді басып шығарыңыз.

Personal Job (Жеке тапсырма): тапсырма өнімнің басқару тақтасында сұрағанша басып

шығарылмайды. Егер тапсырмаға жеке идентификациялық нөмір (PIN)

тағайындасаңыз,басқару тақтасында қажетті PIN кодын енгізуіңіз керек.

Quick Copy (Жылдам көшірме): тапсырманың сұралған көшірмелер санын басып

шығарып,кейінірек қайта басып шығару үшін тапсырма көшірмесін өнімнің жадына сақтауға

болады.

Stored Job (Сақталған тапсырма): тапсырманы өнімде сақтап,басқаларға тапсырманы кез

келген уақытта басып шығаруға мүмкіндік беріңіз. Егер тапсырмаға жеке

идентификациялық нөмір (PIN) тағайындасаңыз,тапсырманы басып шығаратын адам

басқару тақтасында қажетті PIN кодын енгізуі керек.

5.

Өзгертілмелі пайдаланушы атын немесе тапсырма атын пайдалану үшін,Custom (Өзгертілмелі)

түймешігін басып,пайдаланушы атын немесе тапсырма атын енгізіңіз.

Егер басқа сақталған тапсырмада сондай ат болса,қандай опция пайдаланылатынын таңдаңыз.

Use Job Name + (1-99) (Тапсырма атын + (1-99) пайдалану): тапсырма атының соңына бірегей

сан қосыңыз.

Replace Existing File (Бар файлды алмастыру): бар сақтаулы тапсырманы жаңасымен

алмастырыңыз.

6.

Егер 3-қадамда Stored Job (Сақталған тапсырма) немесе Personal Job (Жеке тапсырма)

параметрін таңдаған болсаңыз,тапсырманы PIN кодымен қорғауға болады. 4 сандық нөмірді Use

PIN to Print (Басып шығару үшін PIN кодын пайдалану) өрісіне енгізіңіз. Басқа адамдар осы

тапсырманы басып шығарғысы келгенде өнім осы PIN нөмірін енгізуге кеңес береді.

7.

Тапсырманы өңдеу үшін Print (Басып шығару) түймешігін басыңыз.