Қағаз түрін таңдау (Windows)
1.
Бағдарламалық құралда Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2.
Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties
(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ:
Түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,
Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді
таңдаңыз.
3.
Қағаз/Сапа қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.
4.
Paper type (Қағаз түрі) ашылмалы тізімінен More... (Көбірек...) опциясын таңдаңыз.
5.
Type is: (Түрі:) опцияларының тізімін жайыңыз.
6.
Қағазды ең жақсы сипаттайтын қағаз түрлерінің санатын жайыңыз.
7.
Қолданыстағы қағаз түрінің опциясын таңдап, OK түймешігін басыңыз.
8.
Document Properties (Құжат сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін
басыңыз.
Егер науаны конфигурациялау керек болса, өнімнің басқару тақтасында науаны конфигурациялау
туралы хабар көрсетіледі.
9.
Түрі мен өлшемі көрсетілген қағазды науаға салып, оны жабыңыз.
54
4-тарау Басып шығару
KKWW
10.
Анықталған түр мен өлшемді қабылдау үшін
OK
түймешігін түртіңіз немесе басқа қағаз өлшемін
немесе түрін таңдау үшін
Modify
(Өзгерту) түймешігін түртіңіз.
11.
Дұрыс түр мен өлшемді таңдаңыз да,
OK
түймешігін түртіңіз.