HP LaserJet Enterprise M605 series - Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Windows жүйесі)

background image

Қағаздың екі жағына автоматты түрде басып шығару (Windows жүйесі)

Бұл процедураны автоматты дуплекстегіш орнатылған өнімдерде пайдаланыңыз. Өнімде автоматты

дуплекстегіш орнатылмаған болса немесе дуплекстегіш қолдамайтын қағаз түрлеріне басып шығару

үшін екі жақта қолмен басып шығаруға болады.

1.

Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.

2.

Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties

(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.

ЕСКЕРТПЕ:

түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.

ЕСКЕРТПЕ:

Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,

Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді

таңдаңыз.

3.

Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.

4.

Print on both side sides (Екі жаққа да басу) құсбелгісін қойыңыз. Document Properties (Құжат

сипаттары) тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін басыңыз.

5.

Тапсырманы басып шығару үшін Print (Басып шығару) тілқатысу терезесіндегі OK түймешігін

басыңыз.