HP LaserJet Enterprise M605 series - Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)

background image

Қағаздың екі жағына қолмен басып шығару (Windows)

Бұл процедураны автоматты дуплекстегіш орнатылмаған өнімдерде немесе дуплекстегіш

қолдамайтын қағазға басып шығару үшін пайдаланыңыз.

1.

Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.

2.

Принтерлер тізімінен өнімді таңдаңыз да, басып шығару драйверін таңдау үшін Properties

(Сипаттар) немесе Preferences (Параметрлер) түймешігін басыңыз немесе түртіңіз.

ЕСКЕРТПЕ:

түймешіктің атауы бағдарламаға қарай әр түрлі болады.

ЕСКЕРТПЕ:

Осы мүмкіндіктерге Windows 8 немесе 8.1 нұсқасының Бастау экранынан кіру үшін,

Құрылғылар бөлімін таңдап, Басып шығару тармағын таңдаңыз, содан кейін принтерді

таңдаңыз.

3.

Finishing (Аяқтау) қойындысын басыңыз немесе түртіңіз.

4.

Print On Both Sides (manually) (Екі жаққа да Басу (қолмен)) құсбелгісін қойыңыз. Тапсырманың

бірінші жағын басып шығару үшін OK түймешігін басыңыз.

5.

Шығыс себеттен басылған дестені шығарыңыз және 1-науаға салыңыз.

6.

Ұсынылса, басқару тақтасындағы тиісті түймешікті басып жалғастырыңыз.

KKWW

Басып шығару тапсырмалары (Windows)

53